Хабар телеарнасы

Қоғам

Сұйытылған газ бағасын көтерген 180 кәсіпкер тергеліп жатыр

Сұйытылған газ бағасын көтерген 180 кәсіпкер тергеліп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газды сатумен айналысатын 180 кәсіпкерге қарсы тергеу бастады. Бұл сатушылардың әрекеттерінен осы шикізат бағасын белгілеу бойынша өзара келісімге бару белгілері анықталған. Іске қатысты Маңғыстауда 85, Атырауда 22 кәсіпкер тергеліп жатыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында нарықтың 4 субъектісі бұл шикізат құнын 5,3 процентке көтеріп сатқаны анықталып отыр. Тергеулердің нәтижесі 20 күннің ішінде белгілі болады.

 

Ақтөбе облысында жағдай тұрақталды

Ақтөбе облысында жағдай тұрақталды

Төтенше жағдай режимінің сақталуы құқық қорғау органдарының бақылауында. Өңір орталығында бірер күн бұрын арнайы операция өтіп, тәртіпке бағынбағандар ұсталды. Қазір тәртіп сақшылары тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.

Маңғыстау облысы: толқу неден басталды?

Маңғыстау облысы: толқу неден басталды?

2 қаңтарда Жаңаөзеннің мыңдаған тұрғыны газ бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, әкімдік ғимаратының алдына жиналған болатын.