Хабар телеарнасы

Халықаралық ынтымақтастық

EBU-ға  қосарланған мүше ретінде кіру біздің елімізге «Junior Eurovision Song Contest» балалар ән байқауына өз кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік берді, онда Агенттік 2018 жылы дебют жасап, керемет нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстанның алғашқы қатысушысы Данелия Тулешова болды (6 орын, Минск, Беларусь Республикасы). Екінші қатысушы – Ержан Максим 2019 жылы 2-ші орынға ие болды (Гливица қ., Польша). Ал үшінші қатысушы – Қарақат Башанова 2020 жылы 2-ші құрметті орынға ие болды. 2021 жылы 19 қатысушы елден 8-ші орын алған Бекнұр Жәнібекұлы мен Алинур Хамзин Қазақстанның атынан қатысты (Париж қ., Франция).  2022 жылы Давид Чарлин «Жер ана» әнімен Қазақстанды халықаралық байқауда таныстырды. Байқауға қатысушы елдердің ұлттық төрешілерінің дауыс беруі, сондай-ақ әлем телекөрермендерінің онлайн-дауыс беруінің қорытындысы бойынша біздің елдің өкілі Еуропаның 16 елінен келген қатысушылардың жалпы есебінде 15-ші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар ABU-дегі толық мүшелігі Агенттікке жыл сайын түрлі байқауларға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді. Агенттік «ABU Prizes 2022» және «ABU Song Festival» 2022 сияқты халықаралық шығармашылық байқауларға қатысуын жалғастырды. 2022 жылы Агенттік Мәди Сыздықовты Нью-Делиде өткен «ABU Song Festival» 2022 фестиваліне қатысуға шақырды, онда Мәди Сыздықов құрмет грамотасымен, ал Агенттік фестиваль мүсіншесімен марапатталды.

Бұған қоса, Агенттік ABU-дің басты әкімшілік рөлін атқаратын Әкімшілік кеңес мүшесі. 2022 ж. тамыз айында Агенттік,ABU Әкімшілік кеңесінің 113-ші отырысын Астана қаласында ұйымдастырып, Азиа-Тынық мұхиты өңірінің 9-дан астам елден келген хабар таратушылардың басшылық құрамының басын қосты.

Агенттік Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы (Өзбекстан), XinjanTV (Қытай), «CCTV News Content Co. Ltd.» ЖШҚ (Қытай), Korean Broadcasting System (KBS) (Оңтүстік Корея), ARIRNG TV (Оңтүстік Корея), Беларусь Республикасының Ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы (Белоруссия), TDM – Teledifusao de macau (Макао), Turkish Radio – Television Corporation (Түркия), Қытай Орталық телевиденияның шетелдік арналар бөлімі (Қытай), «Пирамида» Медиа Холдингі» ЖШҚ (Қырғызстан), «ТВ24» Теле-Радио компаниясы» ЖШҚ (Грузия), IRIB (Иран), «Әзірбайжан телевизиясы және радиохабарлары» ЖАҚ (Әзірбайжан), China Media Group (Қытай), «Ulaanbaatar Broadcasting Systems» ЖШҚ (Моңғолия). сияқты хабар таратушылармен меморандумдарға, бірлескен өндіріс туралы шарттарға, телевизиялық контентпен алмасуға қол қою, қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы шет елдердің хабар таратушыларымен халықаралық қызметін үнемі кеңейтіп келеді.

2022 жылы Агенттіктің екі қызметкері ABU хатшылығында (Куала-Лумпур, Малайзия) кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі таңда Агенттіктің контенті халықаралық аудитория үшін IVI, OKKO, Megogo, КиноПоиск сияқты онлайн платформаларда қол жетімді. Агенттіктің телевизиялық контенті Ресей Федерациясының федералдық және өңірлік хабар таратушылары, Түркия Республикасынан, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия арасында да табысты болып отыр.

Агенттіктің ел аймақтарында және таяу әрі алыс шетелдерде АҚШ, Ресей, Бельгия, Франция, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қытай және Германиядағы өкілдіктері бар дамыған тілшілер желісі бар.

Сондай-ақ «24KZ» телеарналары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өздерінің хабар тарату географиясын кеңейтуді жалғастыруда. «Хабар 24» телеарнасы Беларусь операторларының кабельдік желілерінде хабар таратудан басқа, 2019 жылдан бастап HD стандартында РФ ақылы телевизиялық операторларының кабельдік желілерінде де қолжетімді болды. Бұдан басқа, «Хабар 24» телеарналары Түркіменстан аумағындағы жалғыз IPTV операторы болып табылатын «АШТУ»  телеарнасының IPTV операторының пакетіндегі телеарналар тізіміне енгізілген.

28 жылдық шығармашылық жұмысы Агенттікке бірнеше рет мемлекеттік, халықаралық және кәсіби наградалар әкелді. Агенттік журналистерінің шығармашылық жұмыстары Ресейдегі «Золотой глагол», EMMY беделді телевизиялық сыйлығына ұсынылды. Еуразиялық телевдение және радио академиясының (Ресей) байқауларында жеңістер де бар, Еуразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін «Великий Петр» медалі бар. Спорттық редакция қызметкерлері жоғары халықаралық кәсіби марапаттарға ие болды. «Город будущего» жастар бағдарламасының бірі Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемнің үздік бағдарламаларының ондығына кірді. Севастопольде өткен халықаралық фестивальде «Хабар» Агенттігінің бастамасымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» тарихи таспасы лауреат атанды. 2019 жылы «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Шестой пост» сериалы «ТЭФИ - Содружество» сыйлығын алды. Сондай-ақ, 2020 жылдың ақпан айында «Цена покоя. Запад» және «Цена покоя. Север», сонымен қатар  «Парящий под солнцем» фильмдері «Большая страна» номинациясында «Страна» Ұлттық телевизиялық сыйлығының IX финалистері болды. Семей ядролық полигоны туралы «Хабар» телеарнасының «Полигон» тарихи хикаясы 2022 жылы Ресей Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясында жеңімпаз атанды.