Хабар телеарнасы

Көркемдік кеңес

Құрметті Агенттіктің болашақ серіктесі!

                                                                                                                                   Іріктеуге қатысуға өтінімдер:
000001, Астана қ., Қонаев, 4 «Хабар» Агенттігі» АҚ немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. пошталық мекенжайына жіберуді сұраймыз.

Іріктеуге қатысу үшін Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
1) Өтінім;
2) Тұжырымдама;
3) Мамандардың біліктілігін растайтын дипломдар және/немесе мамандардың жұмыс тәжірибесі және/немесе Қоғамда өткен жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттармен қоса Әлеуетті орындаушының шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтер (түйіндеме, түсірілген аудиовизуалды туындылардың жобалары туралы ақпарат) (бар болса);
4) Нақты және заңды орналасқан жері, байланыс телефондары, е-mail, банк деректемелері көрсетілген құрылтай құжаттарының көшірмелері, қосылған құн салығын төлеушіні есепке қою туралы куәлік (бар болса);
5) Осы Қағидаларға №2 қосымшада көрсетілген нысан бойынша Аудиовизуалды туынды жасап шығаруға арналған құнның негіздемесі;
6) Аудиовизуалды туынды жобасын шығару үшін Әлеуетті орындаушының материалдық-техникалық базасының бар болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (жүкқұжат, жалдау шарты және мүлікке меншік/иелік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар);
7) Әлеуетті орындаушының портфолиосы;
8) Телехикаялық өнімді 5 минутқа дейін хронометражбен шығару кезінде Меншікті медиаконтенттің (аутсорсинг) тизері немесе пилоты;
9) Қоғам хабарландыруда көрсеткен өзге де қажетті ақпарат

*Ескертпе
«Хабар» Агенттігі» АҚ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте іріктеуден өткен Әлеуетті орындаушы Қоғамның Көркемдік кеңесінің одан әрі қарауына жолданады. Оң шешім болған жағдайда Әлеуетті орындаушымен қолда бар байланыс арналары арқылы хабарласады.

Өтінім мынадай жағдайларда іріктеу комиссиясының қарауынсыз қалады:
1) Конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен түсімдер;
2) Әлеуетті орындаушылардың талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
3) Әлеуетті орындаушылардың дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі.