Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысы: толқу неден басталды?

Наразы топқа Құрық, Ақшұқыр және Ақтау тұрғындары қосылды. Ашуға булыққан жұртты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сабырға шақырды. Бірақ тараптар ортақ шешімге келген жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздің бірқатар өңірінде сөз байласып, газ бағасын көтергендерге қатысты тергеу бастады. Ал Үкімет арнайы комиссия жасақтауға кірісті. «Газ бағасын 85-90 теңгеге дейін түсіреміз», - деді. Алайда көптің көңілі бұған толмады. Арнайы жасақталған комиссия наразы топ өкілдерімен кездесіп, талап орынды екенін айтты. Сөйтіп, көгілдір отын бағасын 50 теңгеге дейін түсіретін болды. Кейін акциялар еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасты.