Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанына көктемгі сексеуіл егу жұмыстары басталды.
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Екі мемлекет арасында визасыз режим туралы келісімге қол қойылған. Бірақ екі жыл бұрын бұл келісімнің орындалуы қиындаған.
Ақтөбеде арыққа құлап, аман қалған оқушының жағдайы қанағаттанарлық.
«Кинотеатрдан Лас-Вегасқа!» Алматыда «Маша мен Дударай» фильмінің көрермені арасында ұйымдастырылған ұтыс ойыны өз мәресіне жетті.
Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха аудандық ауруханасының жағдайы мәз емес.
Мемлекет басшысы бірнеше қабылдау өткізді.
Еліміз байтақ, жеріміз кең дегенімен, ауылдағы ағайын мал жайылымына жарымай отыр.
Көктем келе ме деп жүргенде, еліміздің бірқатар өңірінде қытымыр қыста болмаған боран күшейіп, дауыл тұрды.
Жеті жылға созылған жыр. Елорда іргесіндегі Тайтөбе ауылының тұрғыны Жазира Таңатарова осынша уақыттан бері мал бағатын жер ала алмай жүр.
Өзбекстан астанасы Ташкентте халықаралық инвестициялық форум өтті.
Диқандар ауыл шаруашылығы техникаларына қажет қосалқы бөлшектер өңірге уақытылы жетпей қалуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Украинадан қашқан босқындар саны 4 миллионнан асты. БҰҰ-ның дерегі осындай. Олардың 2 миллионнан астамы көршілес Польшаға өткен.
Семейлік кәсіпкер ел Президентінен облыс басшылығы мен құқық қорғау органдарының және сот жүйесінің заңсыз әрекетіне араласуын сұрап отыр.
Тағы да қымбатшылық. Бұл жолы құлақ естіп үйренген азық-түлік пен коммуналдық төлемдердің бағасы емес. Кәдімгі қағаздың құны шарықтады.
Отырысқа Премьер-министр, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған отырысы өтті.
Берік Уәли «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
БҰҰ-ның дерегінше, Украинадан 10 миллоннан астам адам үй-жайын тастап, босып кетті.
Қарағанды облысының шалғай ауылдарында тұратын халыққа арыз-шағымдарын жеткізу үшін енді облыс орталығына сабылудың қажеті жоқ.
Өткен жылы қуаңшылық жайлаған Арал маңындағы Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесі қайта қалпына келді.