Хабар телеарнасы

Respublica партиясының жетекшілері телефон арқылы көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап берді

Сонымен қатар өз тұғырнамаларын да таныстырды. Партияның call орталығы күнделікті жұмыс істейді. Операторлар жан-жақтан түскен қоңырауларға жауап берді. Партияның бағыт-бағдарын, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айта кетейік, саяси додаға партия атынан 23 үміткер Мәжіліс депутаттығына, 159-ы мәслихатқа, ал екеуі бір мандаттық жүйемен бағын сынап жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Республикалықтар 30 мың шақырымды басып өтіп, еліміздің түгел дерлік өңірін аралап шықты. Ал соңғы аялдама Ұлытау облысы болмақ!