Хабар телеарнасы

О. Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны бойынша жедел кеңес өткізді

Бүгін Премьер-министр: «Қолға алынған шаралардың арқасында Батыс Қазақстан облысындағы жойқын су тасқынының бетін қайтара алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау»,— деді. Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны бойынша жедел кеңес өткізіп, өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.