Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 7 мыңнан астам жүргізуші автокөлік салығын төлемеген

Ақтөбе облысында 7 мыңнан астам жүргізуші автокөлік салығын төлемеген. Қарыз мөлшері 280 млн теңгені еңсерген. Өңірдегі мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері: тәртіп сақшылары және сот актілерін орындаушылармен бірігіп, рейд өткізуде. Берешегі бар көлік иелерін полицейлердің «Автоураган» құрылғысы анықтап отырады. Талапқа мойынсұнбаған жағдайда автокөлік айыппұл тұрағына жеткізіледі. Кейбір жүргізушілердің қарызы 3,5 млн теңгеге жеткен. 

Ерік Сағындықов, қалалық Кірістер басқармасының жетекші маманы:
-Жағымсыз салдарды болдырмау мақсатында салық төлеушілерге салық қарыздарының болған жағдайда ерікті төлеулерін ескертеміз. Салық қарыздарының бар-жоғын Е-Салық азаматы мобильдік қосымшасы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы анықтауға болады.