Хабар телеарнасы

Су спортынан алтын жүлдегерлер елге оралды

Су спортынан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында көк туымызды биіктен желбіреткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова елге оралды.

Жеңімпаздарды Алматы әуежайынан жанкүйерлер мен туған-туыстары құшақ жая қарсы алды.

Аслан Қамаров, Наргиза Болатованың әкесі: 
- 6 жасынан үйлесімді жүзуді 14 жасына дейін қалада дайындалып, сосын 14 жасынан бастап ұлттық құрама командасына негізгі командаға Алматы қаласына жаттықтырушылар алып кетті. Сол уақыттан бастап, міне, қазір 6 жыл негізгі құрамда.

Жанкүйерлер мен жақындарының ыстық ықыласына бөленген чемпиондар алдағы жоспарларымен бөлісті. Енді Эдуард пен Наргиза сәл тынығып алған соң, сәуірде Қытай астанасы Бейжіңде басталатын әлем кубогы жолындағы жарыста бақ сынайды. Тәуір нәтиже көрсетіп жатса, Будапешттегі финалдық сайыста бақ сынайды.

Бұл жұптың бар арманы – олимпиада ойындарына қатысу. «Су спортынан техникалық микс-дуэті ойындар бағдарламасына еніп жатса, әлем чемпиондары 2028 жылы Олимп шыңын бағындырсақ», - дейді.