Хабар телеарнасы

Қостанай облысында 4 аудан және 1 қала әкімін халық таңдайды

Қостанай облысында 4 аудан және 1 қала әкімін халық таңдайды. 5 қараша күні Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандарында және Рудный қаласында әкім сайлауы өтеді. Мұндай шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды.

Сайлау күні өңірде 5 аумақтық комиссия жұмыс істейді. Дауыс беру 194 учаскеде жүзеге асады. Саяси науқанға 130 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарланған. Үміткерлерді ұсыну, 10 қазан күні 18:00 аяқталады. Содан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады. 

Александр Малашко, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы: 
- Конституциялық заңға сәйкес ауылдық округ, аудан, қала әкімі атанғысы келетін үміткерлердің сайлау қоры болмайды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын мемлекет бөлген қаржымен жүзеге асырады.