Хабар телеарнасы

ОСК: Саяси ұйымдар тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының кандидаттар тізімін бекітті.  Тексерулер нәтижесінде 25 адамның 23-і заң талаптарына сай екендігі анықталған. Оның 8-і арнайы санаттағы азаматтар. Ал екеуі өз еріктерімен үміткерлер қатарынан шығу бойынша өтініш қалдырған. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының  депутаттыққа ұсынған тізімі де тіркелді. Барлық 90 үміткер заң талаптарына сай келеді. 

Ернұр Бейсенбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
-Біз үшін барлық саяси партия бәсекелес. Бұл бәсекелесетін орта. Бұл саяси сайлау компаниясы. Халық өзінің дауысымен шешеді. Ашық сайлау болады. Әділ сайлау болатын болса... Кімнің беделі белгіленген өңірде жоғары, кімнің мүмкіндігі жоғары, кімге дауыс көп береді сол жеңіске жетеді.