Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады

Сенат сайлауының кестесі Орталық сайлау комиссиясында бекілді. Үміткерлер 29 қарашадан 24 желтоқсан аралығында тіркелетін болады. Сайлауалды үгіт жұмыстары 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында өтеді. Сенаторларды мәслихат депутаттары сайлайтын болады. Парламенттің жоғарғы палатасына әр өңір мен республикалық маңызы бар қалалардан 2 адамнан сайланады. Тағы 10 сенаторды Президент тағайындайды. Оның 5-і Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша депутаттық мандат алады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға белгілеген болатын. 

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: 
- Конституцияға сәйкес Парламент депутаты тек Қазақстан азаматы ғана бола алады. Ол соңғы 10 жылда ел аумағында тұруы тиіс. Ал Сенат депутаты болса жасы 30-ға толған, жоғары білімі бар және 5 жылдық еңбек өтілі бар азамат атана алады. Ол белгілі бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Астананың аумағында кемінде 3 жылдай тұрған болуы керек.