Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды «Мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» қағидасымен қарастырады. Мұны Президент қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы айтты.

Жақып Асанов «Әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартып, экономиканың өсуіне ықпал ететінін» атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде жұмыс істеуге дайын болу керек деді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін тілге тиек етті.