Хабар телеарнасы

Талдықорғандықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Талдықорғандағы «Таза Қазақстан» акциясы қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтың ескерткішін тазалаудан басталды. Биыл алаш арысының туғанына –130 жыл.

Белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері және коммуналдық мекеме жұмысшылары аллея аумағын тазалап, мүсінді сүртіп, тастұғырын бояды. Жерді қопсытып, гүл егетін орын әзірледі. Тазалық жұмыстары өңірдегі Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әбілхан Қастеев, Дінмұхамед Қонаев сынды біртуар тұлғалардың ескерткіштерінде де жүргізілді.

Мұстафа Дәуітұлы, Чернобыль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Еліміз тазалыққа ұмтылған халық қой. Діні де тазалыққа шақырады. Кие деген тазалықты білдіретін сөз ғой. Сондықтан жақсы іс-шара бұл.

Ғалымжан Оспанов, облыстық мәдени мұраны қорғау орталығының директоры:
- Облыс бойынша бізде 226 ескерткіш болса, Талдықорған қаласында 26 ескерткіш бар. Бүгінгі күні аудан, қалалық әкімдіктерге жоспарлы тапсырма бойынша барлық ескерткіштерге сенбілік тазалау жұмыстары жүргізілді