Хабар телеарнасы

Қонаевта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылды

Ал Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясының аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын қоқыстан тазартты. Облыс аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бүгін өңір жастары мен еріктілер Қонаев қаласының іргесіндегі «Тамғалы тас» археологиялық кешенін, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев мұражайы мен «Таңбалы» қорық аумағын жинастырды.  

Аружан Оразова, Қонаев қаласының тұрғыны:
-Елдің тазалығы, киелі жерлердің ары қарай дамуы
біздің қолымызда. Ең бастысы айналамызды шашпай, өзіміз жинап, өзіміз әрі қарай көркейтсек, бізге керек, әрине. Шетелден қаншама азаматтар бұл жаққа келіп, кәдімгідей тамсанып қарайды.