Хабар телеарнасы

Түркістан облысында 31 мың көшет отырғызылды

Түркістан облысының Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Өңір тұрғындары тазалық науқанына бір кісідей атсалысып, 31 мың түп көшет отырғызды. Арық-атыздар, көшелер мен аулалар тазартылып, полигонға 150 тонна күл-қоқыс шығарылды. Қураған ағаштар бұталып, талдардың түбі әктелді. Іс-шараға мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Мәди Нәбиев, самбо күресінен əлем чемпионы, жаттықтырушы:
-Өзіміздің туған өлкемізді өзіміз аялап, өзіміз қастерлеп, өзіміз бағалап, өзіміз құрметтемесек, басқа ешкім құрметтемейді. Сондықтан бәріміз атсалысып, табиғатымыздың көркеюіне, гүлденуіне үлес қосайық.