Хабар телеарнасы

Рим Папасы тасқыннан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды

Рим Папасы Франциск соңғы 80 жылда болған ең жойқын су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көңіл білдірді. «Осы табиғи апаттың азабын тартқан жандар үшін дұға оқимыз»,- деді понтифик. Католик шіркеуінің басшысы бұл сөздерін Әулие Пётр алаңында өткен жалпыға бірдей аудиенция барысында айтқан. Дәстүр бойынша Рим Папасы апта сайын сәрсенбіде халықпен осындай кездесулер өткізеді. Оған әдетте 50 мыңдай адам жиналады.

Франциск, Рим Папасы:
- Қазақстанның көптеген өңірін басып өткен тасқын салдарынан мыңдаған адам үй-күйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Осындай қиын кезде ойыммен де, жанымен де, олармен біргемін. Барлықтарыңды осы табиғи апаттан зардап шеккен жандар үшін дұға оқуға шақырамын.