Хабар телеарнасы

Елімізде ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылатын болды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан ашылған «Қазгидрогеология» жобасы жария етілді. Оның негізгі қызметі – жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру. Сондай-ақ гидрогеология саласында цифрлық және картографиялық деректер базасын жасап, оны басқару жүйесін әзірлеу. Министр Нұржан Нұржігітовтың айтуынша елімізде экономикалық тиімді жерасты суларының үлесі 7-10% шамасында.