Хабар телеарнасы

Павлодар облысындағы Жалаулы ауылында жағдай тұрақталды

Абай облысы мен Павлодар облысындағы Жалаулы ауылындағы төтенше жағдай режимі күшін жойды.  Қазір қалған 9 облыста қызыл сумен күрес жалғасып жатыр. Тәулік бойы құтқару жұмыстарына түрлі ұйымдардан 16 мыңнан астам маман тартылды. 1,5 мыңнан аса  техника, 300-ден аса су сору құрылғысы және 80 жүзу құралы, 15 авиатехника жұмылдырылды. Су тасқыны басталғалы шамамен 76 мыңға жуық адам құтқарылды. Оның 18 мыңнан астамы бала. Ал уақытша орналасу пунктерінде 7 мыңнан аса адам бар, олардың 3 мыңға жуығы бала.  Ал 69 мыңнан астам төрт түлік пен үй жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.