Хабар телеарнасы

Ғалым: Топан судың алдын алу үшін Ресеймен арадағы су мәселесін қайта қарау керек

Ресейдің Орынбор облысындағы су бөгеті жарылысының жаңғырығы Қазақстанның батыс өңіріне әсер етуі мүмкін. Гидротехника саласының маманы, техника ғылымдарының докторы Марат Қошымбаев Хабар арнасына берген сұхбатында осылай деді. Ор бөгетінен аққан судан елімізге ағып келетін Жайық өзені ернеуінен асуы ықтимал. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Ресейдің Орынбор облысында қазір федералды деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Топан судың алдын алу үшін екі ел арасындағы су мәселесін қайта қарау керек дейді ғалым. 

Марат Қошымбаев, техника ғылымдарының докторы:
-Суды өздерінің водохранилищемен өздеріне қайтарды, суды өздеріне қалдырды. Ал қазір енді су көп келгеннен кейін, оларда да қазір енді анау платиналарды жуып жатыр. Олар енді қорқып, енді бізге суды тастап жатыр. Водохранилищилерін ашып бәрін. 2029 сол үшін мемлекеттің арасында шешім болу керек. Договор болу керек.