Хабар телеарнасы

Оралда тасқын суға қызу әзірлік басталды

Қамданған қапы қалмас. Оралда тасқын суға қызу әзірлік басталды.

Соңғы үш күнде Ресейдің Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 2 мың 170 текше метр су түсіп жатыр. Су қоймасы салынған 60 жылда мұнша су жіберілмеген. Қазір гидробекеттегі көрсеткіш 685 сантиметрге жеткен.

Жайықтың жайылмасындағы 55 бау-бақша серіктестігінде 10 мың адам тұрады. Қала әкімдігі тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуін, уақытша орналасу пункттеріне баруы ескертіліп жатыр.

«Азаматтық қорғаныс туралы» заңның 56-бабына сәйкес, алдағы сейсенбіден бастап ол саяжайлардағы жарық пен көгілдір отын ажыратылмақ. Дамбалар мен бөгеттер нығайтылып жатыр.