Хабар телеарнасы

Мақтааралдан батысқа 80 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары қарғын судан қиындық көріп отырған еліміздің батыс өңіріне 80 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

«Күшіміз – бірлікте» деп ұрандатқан аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері және ерікті жастар екі күнде 2 үлкен жүк көлігін қажетті заттарға лық толтырды. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, дәрі-дәрмек және қажетті гигиеналық заттар тиелген көліктер жолға шықты. Әсіресе 2020 жылы тасқын судан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Фердауси ауылының халқы белсенділік танытуда.

Марат Телаев, волонтёр:
- Кезінде бізді де су басты, сол кезде еліміздің батысынан қандай көмектер келді. Ризамыз. Сол бүкіл Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының атынан аманатты арқалап, Ақтөбе облысына аттанып бара жатырмыз.