Хабар телеарнасы

Елімізде қуат көзін тұтыну 12% артты

Соңғы 5 жыл ішінде елде қуат көздерін тұтыну көлемі 12% артты. Мәселен, Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың орташа көлемі 1 шаршы метр үшін жылына 270-300 кВт сағатты құрайды. Ал батыс елдерінде бұл көрсеткіш 2-3 есе төмен. «Осыған байланысты қуатты үнемдеу мақсатында құрылыс компанияларына қойылатын талапты күшейту керек», - дейді сала мамандары. Мердігер мекемелер энергия тиімділігі жоғары жобаларға басымдық бергені жөн. Тағы нысандардағы жылуды ұзақ сақтау үшін терможаңғырту жұмыстарын жүргізу маңызды. 

Елдос Абақанов, ҚР Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты төрағасының орынбасары:
- Тұрмыста энергияны үнемдегенде бізде 2012 жылы қарапайым шамдардың орнына энергия үнемдегіш люминесцентті шамдарды енгізу бойынша талап болды. Қазір енді бүкіл үйде жарықдиодты шамдар тұр. Тиімділігі 5, 8, 10 есеге дейін барады. Мысалы, Германияда, Еуропа мемлекеттерінде әр радиаторда жылуды реттейтін счетчиктер болады. Бізде әлі ол енгізілген жоқ. Мүмкін бізге де соны енгізу керек шығар. Сонда азамат нақты тұтынған энергияның қаражатын төлейтін болады.