Хабар телеарнасы

Ақтөбеге қосымша сұйытылған автогаз бөлінді

Ал Ақтөбе облысындағы автогаз тапшылығын жою үшін өңірге қосымша 1 мың 200 тоннадан астам сұйық отын бөлінді. Бұл көлем аймақ қажеттілігін толық өтеуі тиіс. Қазір жағдай тұрақтала бастағанымен, газ құю стансаларының кейбірінде әлі де көлік кезегі байқалады.

Дегенмен жауапты мекеме өкілдері мәселе жақын күндері толық шешілетінін айтады. Өйткені газ өндіретін үш бірдей зауыттан сұйық отын тасымалданып жатыр. Бүгіннің өзінде 18 вагон автогаз жеткізіліп, стансаларға таратылған. Жалпы өңірге тамыз айына 12 мың 394 тонна отын бөлінген. Мамандар тапшылық туындамауы үшін қыркүйекке белгіленген отын көлемін де молайтуды қолға алған. 

Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары: 
- Қыркүйек айларына бекітілген бізде уже жоспар бар. Енді министрлік қазір бізге осы қыркүйек айына түзету енгізу бойынша хат жолдаған. Былай қазіргі жоспар бойынша ол 10 500 тоннаны құрайды. Оған қазір қосымша объемдар қыркүйек айына қосу үшін сұрап жатырмыз.