Хабар телеарнасы

Кентауда жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтетін болды

Түркістан облысының Кентау қаласындағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтетін болды. Оған биыл Үкіметтен 13 млрд 700 млн теңге қаржы бөлінді. Өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген жылу орталығы соңғы 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Сала мамандарының айтуынша, қазандықтардың алды 1951 жылы іске қосылса, қалғаны 1958-1959 жылдары қойылған. Қазір мұндағы 8 қазандықтың барлығы әбден тозып, істен шыққан. Соның салдарынан Кентау қаласының тұрғындары қыс түссе болды пәтерлерін жылыта алмай, бүрсең қағып шығады. Жауаптылардың айтуынша, енді су айдайтын 4 станцияның қуаттылығы күшейтіліп, төрт қазандық күрделі жөндеуден өтеді.

Қуаныш Ысқақов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:
-Бірінші кезеңде ол 6,6 магистральді жылу құбырларын ауыстыру. Ол қаладағы ең тозығы жеткен жерлерде. Екіншісі, ол жаңағыдай жылуэнерго орталығын рекострукциялау. Қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.