Хабар телеарнасы

3 жылда ғылыми зерттеу жұмыстарына 650 млрд астам қаржы бөлінуі мүмкін

Мұны Мәжілісте Ғылым және жоғары білім министрі айтты. Жоспар бойынша жетекші ғалымдар лайықты жалақымен қамтамасыз етіледі. Зертханалардың жабдықтары жаңарады. Жаңа жобалар қаржыландырылады. Жас ғалымдарды даярлауда университеттерге басымдық беріледі. Елімізде 22,5 мыңға жуық ғылыми кадр болса, олардың 34% жастар. Министрлік бұл әлі де аз деп отыр. Сондықтан үлесті ұлғайту үшін гранттардың саны да артады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Жоғары оқу орындарында және ғылыми зерттеу институттарында ғалымдарды басқа міндеттерден босату шығармашылық демалыстар беруді ұсынып отырмыз. Ғылыми әлеуеті бар жас ғалымдарға көтерме және тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесін де тиісті министрлікпен талқылап, осы заңға енгізу мәселен қарастырып ұсыныс беріп отырмыз.