Хабар телеарнасы

Тоқпай ауылында тұрғын үйлердің жертөлесі жауын-шашында суға толады

Салдарынан, баспанаға зақым келіп жатыр. Тіпті ғимараттардың іргетасы отыра бастапты. Мұнда орталықтандырылған кәріз желісі жоқ. Әр ғимаратқа жеке құдық қазылған. Алайда инженерлік желілердің сапасы сын көтермейді. Қаз-қатар тізілген үш қабатты 20 тұрғын үй осыдан екі жыл бұрын бой көтерген. Жобаға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалыпты.

Алтынбек Шайдулин, Тоқпай ауылының тұрғыны:
-Мына отмосткамыз кезінде осы деңгеймен құйылған. Ал қазір ол төменге түсіп кетті 10 см. Мына бұрыштардан подвалға су кетті. Жертөледе бойымызбен бірдей су. Батып кеттік.

Амангелді Тоғызбаев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары:
-Желтоқсан айындағы жаңбырдан-ақ кәріз желісі көпке шыдас бермейтінін байқадық. Суға толған кәріз құдығын сол бойда әкімдік есебінен тазаладық. Кейін мұндай жағдай қайталана берді. Келеңсіздікті енді мердігер ұйымның өзі жоюы қажет. Тиісті компания әрбір пәтерді аралап, жағдайда қайта саралайтын болды. Оларға кәріз желісін жаңғырту үшін белгілі бір мерзім беріледі.