Хабар телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл төлем жүйесі толық трансформацияланғанын айтты. Көмек тағайындауға отбасының цифрлық картасы негіз болады. Бұл көмек алушыларды анықтауға, ақшалай қаражаттың мақсатты игерілуін қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылы 600 мыңдай адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Ол үшін бюджеттен 57 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.