Хабар телеарнасы

Тимур Мұратов екпе алу науқанының бірінші күнін қорытындылады

Елорданың бас дәрігері де бүгін екпе жасатты. Жалпы бұл науқанда астананың 7 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салғызады. Олар үшін 12 мыңға жуық екпе әкелінеді деп жоспарланған. Ал қазір екпе жасату пунктерінде 2 мың 30 вакцина бар.        

Сонымен жеті мың медицина маманы вакцина салдыртуы тиіс дедік. Ал бүгін екі жарым мың медицина қызметкеріне екпе салу жоспарланған екен. Бұл көрсеткіш орындалды ма? Вакцина салу қалай басталды? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін елордамыздың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовты студиямызға шақырдық.