Хабар телеарнасы

Жаңаөзен қаласында карантин талаптарын бұзған 900-ге жуық құқықбұзушылық тіркелді

Күні кеше қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде түнгі 23.00-ден кейін есігін жауып, 40-тан астам адамды жинаған заңсыз компьютерлік ойынхана анықталды.

Түнгі рейдтік шаралар Ақтауда да күшейтілді. Қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген мониторинг кезінде карантин талаптарын бұзған дәмханалар да анықталды.

Мақсат Ишимов, Ақтау қалалық жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

«Сұлтан Паша» мейрамханасында карантин талаптарын сақтамағаны үшін, яғни түнгі сағат 22.00-ден кейін азаматтардың есікті іштен кілттеп алып, демалып отырғандығы анықталды. Мейрамхана әкімшілігінен түсініктеме алынды. Ақтау қалалық полиция басқармасына тіркелді.