Хабар телеарнасы

Елорда күні қарсаңында Қазақстандағы ең үлкен ту көтерілді

Елорда күні қарсаңында Қазақстандағы ең үлкен ту көтерілді

«Атамекен» мемориалдық кешені алаңындағы ту салтанатты түрде көтеріледі. Тудың тұғырға қонуы бұл қала күнін тойлаудың ресми түрде басталғанын білдіреді.

4 шілде күні еліміздегі ең үлкен Мемлекеттік ту көтерілді. Бірақ елдегі ахуалға байланысты алаңға аса көп адам жиналған жоқ. Биылғы мерекенің ерекшелігі де сол, барлық шара онлайн режимде өтпекші. Алаңға келген Президент оркестрі мен Ұлттық Ұлан сарбаздары көк байрақты көкке көтеріп берді.