Хабар телеарнасы

COVID-19 вирусы 46 елге таралды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, коронавирус жұқтырғандар әлемнің 46 елінде анықталды. Індет өршіп тұрған мемлекеттердің қатарында Қытайдан бөлек Оңтүстік Корея, Италия және Иран бар. Соңғы мәліметке сай, қауіпті дертке 82 мыңнан астам адам шалдығып, 2 800-і қайтыс болды.

Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың 46% емделді

Ал Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 46% емделіп, ауруханадан шығарылған. Мұны осы елдің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді. Соңғы ақпаратқа қарағанда Қытайда жұқпалы індет белгілері 78 мыңдай адамнан анықталған. 36 мыңы емделіп, үйлеріне жіберілген.