Хабар телеарнасы

ҚТЖ: Қытай жүк қабылдауды тоқтатты

Қытай Қазақстаннан теміржол арқылы жүк тасымалын уақытша тоқтатты. Оған себеп – күн райының қолайсыздығы. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» компаниясы сайтында жария етті. Атап айтқанда, Достық және Алашаңқай станцияларындағы терминал жұмысы уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды.