«Тұмар»

Хикая 30-шы жылдардан бастау алады. Әкелері бесік құда болып уағдаласып, кішкентай бүлдіршіндер Зере мен Төленнің мойнына бірдей тұмар тағады. Алайда ел үдере көшкен алмағайып заманда олар шекараның екі бетінде қалып, қосылуын тағдыр жазбаған екен. Бірақ кейін ажырап қалған қандастардың үшінші ұрпағын тағдыр иірімі ширек ғасырдан соң қайта табыстырады. Осындай қызықты сюжетке толы қандас бауырлардың қилы оқиғаларын арқау еткен «ТҰМАР» телехикаясы жуырда көрерменге жол тартады.