Хабар телеарнасы

Құрметті көрермен!

Авторлық құқықты сақтау мақсатында «Шерлі жүрек» телехикаясының бөлімдері жариялымнан бастап 20 күн өткен соң сайтымызда қолжетімді болмайтынын хабарлаймыз. Түсіністікпен қарағаныңызға рақмет, көруден ләззат алыңыз!

«Шерлі жүрек» телехикаясы

«Шерлі жүрек» телехикаясы

«Хабар» арнасында жаңа түрік телехикаясы.

«Шерлі жүрек» - жазушы Атике Хинчлердің 2018 жылы жазған романының желісі бойынша түсірілген телетуынды. Сериалда отбасылық зорлық-зомбылықтың қасіретін көрген әйелдің өмірі баяндалады

Бақытты отбасы болуды армандаған Джаннет тұрмысқа шығады. Бірақ ол кезде жас қыз сүйген жарымен алдағы өмірі күрт өзгеретінін білмеді. Әрқашан көңілді, өмірге құштар, жайдарлы қыз тұрмыс құрып, зорлық-зомбылықтың құрбаны болатынан хабарсыз еді.

Жас қыз отбасылық өмірде тек таяқ жеп, қорлық көруге мәжбүр болды. Оның өмірдегі жұбанышы балалары - Бирсен, Фериде, Халил. Дженнеттің күйеуі алкогольге тәуелді болды. Ал бақытсыз әйел жары өзгереді деп үміттенді, сенді. Алайда ол әйеліне де, балаларына да аяушылық танытпады.

«Шерлі жүрек» драмалық түрік телехикаясы 4-желтоқсаннан бастап көрермен назарына ұсынылады!