Хабар телеарнасы

«Ұлы дала ойындары»

«Ұлы дала ойындары»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылы елімізде өтетін атаулы шаралардың бірі – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Спорт, мәдениет, ғылым сынды үш саланы қамтитын бұл ойындардың ауқымы жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзінде 73 мемлекеттің өкілдері қатысуға ниет білдірген. Алдағы уақытта қатысушы елдер саны бұдан да артуы мүмкін деп күтілуде.

Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құсбегілік спорт түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді.

Жобамыздың мақсаты – «Ұлы дала дүбірі» атауымен өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында болатын ұлттық ойындарымызды насихаттау, дәріптеу. Сондай-ақ әр ойын түрінен қазіргі таңда топ жарып, үздік атанып жүрген спортшыларды телекөрерменге таныстыру.