Хабар телеарнасы

«Маңдай тер»

«Маңдай тер»

«Хабар» телеарнасында тұсаукесер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адамдар болуы тиіс», — деген болатын. Түрлі саланың дамуына үлес қосып жүрген мамандар — әрқашан құрметке лайық. Еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, олардың жұмысын насихаттау — «Маңдай тер» жобасының негізгі мақсаты. Қоғамдық-ойын сауықтық, интеллектуалдық бағдарламаға қатысушылар мамандықтарының ерекшеліктерін, жұмыстағы жетістіктерін, қиындықтары мен қызықты сәттерін айтады.

Танымал тележүргізушілер – Дана Нұржігіт пен Жанатбек Бәйтеков тізгіндейтін жаңа «Маңдай тер» мега жобамыз әр жексенбі көрерменге жол тартады.