Хабар телеарнасы

«Мәдени бағдар»

«Мәдени бағдар»

«Мәдени бағдар» –  мәдени жаңалықтардың жаршысы. Жоба мақсаты – қалың бұқараның талғамын байытып, жастардың мәдениетке деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар заманауи тенденцияларды ескере отырып, көрерменге қызықты демалыс түрлерін ұсыну. Елімізде күн сайын әртүрлі мәдени-қоғамдық шаралар өтеді. Тележоба осы шараларды қамтып қана қоймай, бос уақытты, демалысты барынша қызықты, көңілді ұйымдастырудың  басқа да түрлерін: отбасылық демалыс орындары, қалалардағы ойын-сауық орталықтарын т.б. таныстырады.