Хабар телеарнасы

«ХабарLike»

«ХабарLike»

«Хабар» арнасында жаңа жоба! Жүргізушісі – Аман Тасыған. Шоуды жалғыз жүргізбейді, онымен қосылып тағы бірнеше мамандық иесі шығады.

Жобада қоғамда, жалпы әлемде болып жатқан жаңалықтар басты тақырып болады. Елді елең еткізген оқиғалар күнбе-күн әңгіме өзегіне айналады, ойын-сауықпен қоса, ақпараттық бағытты қоса қамтиды. Яғни жұртшылыққа жаңалықты ресми дерекөздерге сүйене отырып, әзіл-шыны аралас жеткізеді.

«ХабарLike» бағдарламасы дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 4 күн шығады. Ұзақтығы - 50 минут. Кешті мазмұнды, көңілді өткізуді қаласаңыз, «Хабардан» «ХабарLike» көріңіз.