Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Павлодарда мектеп оқушыларының яғни жас зерттеушілердің еңбектері қойылған «Атамұра» мұражайы ашылды. Онда Кереку өлкесінен соғысқа аттанған жауынгерлердің жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары қойылған.
Отан үшін отқа түскендердің ерлігі мәңгі жадымызда. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Астанада «Еске алу эстафетасы» жалғасын тапты.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық акциясы наурыз айының басында Минскіде басталған болатын.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Өскеменде 30 шақты қарт майдангер мен тыл ардагерлеріне қала басшысы ҚР Президенті атынан бірыңғай мерейтойлық медаль табыстады.
Оралда Жеңістің 70 жылдығына орай «Аталардың ерлігін, жыр етем келер ұрпаққа» атты облыстық қолжазба жинақтарының байқауы өтті. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған байқау өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы 15-ші ақпанның аралығын қамтыды.
Бүгін Алматы қаласынан Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери шеруге қатысатын әскери техникалар тиелген соңғы эшелон Астанаға жеткізілді.
Тыл ардагері Клавдия Борзихина бүгінде 90 жаста. Алтай жерінде өскен Клавдия Васильевна сұрапыл соғыс басталғанда 16 жасар бойжеткен еді.
«Елі ерлерін ұмытпайды!». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына кітап дайындалуда.
Жеңістің 70 жылдығына орай «Біз – Жеңіс ұрпағымыз!» атты республикалық шара елімізде жалғасын табуда. Мақсат – соғыс ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Енді Алматыда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері бір түймені басып, жедел жәрдем мен құтқару қызметін шақырып, басқа да көмекке жүгіне алады.
Павлодар қаласында «Аталар, ардагерлер, немерелер – із кесушілер» мемориалдық мұражайы жаңғыртылып, келушілерге есігін айқара ашты.