Хабар телеарнасы

Найзағай бойынша барлық жаңалықтар

Демалыс күндері республиканың көптеген аймағында күн салқындайды

Демалыс күндері республиканың көптеген аймағында күн салқындайды

Белсенді циклон Еділден Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжып келеді. Сондықтан бұл жерлерде демалыс күндері жаңбыр, қатты бұршақ, кей жерлерде екпінді жел 17-25м/с және ауа температурасы нормадан 2-5ºС төмендеуі күтілуде. 

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстік-шығыста жаңбыр найзағаймен күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып өтеді. Респуликаның кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, ал оңтүстік аймақтың кей жерлерінде толассыз жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық болады.

Республиканың басым аймағында жауын-шашын күтіледі

Республиканың басым аймағында жауын-шашын күтіледі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай болады.