Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі, кей жерлерінде тұман бақыланады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі. 

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.