2018 Жыл бойынша барлық жаңалықтар
Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды жел мен қатты боран туғызған суық атмосфералық фронттар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады.