Республиканың бірқатар аймағында күн суытады
- Категория: Ауа райы

Фото: Телеграф
Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды жел мен қатты боран туғызған суық атмосфералық фронттар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты.
Оларды Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан ауыстыру үшін суық антициклон жылжып, республиканың көптеген аумақтарында суық соққы туғызады.
Ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде алдымыздағы демалыс күндері және дүйсенбіге дейін оңтүстік фронтальдық жүйе әсер етеді. Сондықтан әлі де қар жауып, оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты қардың болуы мүмкін. Ауа райының суықтығына қарамастан, республикадағы ауа температурасы қалыпты деңгейге жетеді деп күтілуде.