Хабар телеарнасы

«Хабар 24» арнасы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпазы атанды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Дүбірлі додада «Хабар 24» арнасының жаңалықтар қызметі «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Қызыл кілем, қаз қатар тізілген камералар мен көпшіліктің қошеметі. Бүгінгі кештің басты кейіпкерлері – телевизия саласының майталмандары. Биылғы дода «Хабар 24» арнасының ұжымы үшін ерекше шараға айналды. «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің тарихында алғаш рет ұжым «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» аталымының жеңімпазы атанды.