Хабар телеарнасы

«Хабар 24» телеарнасының бас продюсері тағайындалды

«Хабар 24» телеарнасының бас продюсері тағайындалды

Танымал тележүргізуші Арман Сеитмамыт «Хабар 24» телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды. Жаңа бас продюсерді «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Берік Уәли ұжымға таныстырды.

«Хабар» Агенттігіндегі еңбек жолын 1997 жылы бастаған әріптесіміз ұжымда 24 жыл бойы табан аудармай қызмет етті. Интернет БАҚ саласында да тәжірибе жинақтап, енді ұжымымызға қайта оралды. Тәжірибесі мол, білікті әріптесіміз алдағы жаңа телемаусымға ерекше дайындалып жатқан «Хабар 24» арнасының әрі қарай өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп, табысқа жетеді деп сенім артамыз»,- деді Агенттіктің Басқарма Төрағасы.

Арман Сеитмамыт 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Журналистика саласында тәжірибесі мол. «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, «24KZ» арнасының шеф-редакторы, директоры, «El Arna» телеарнасының директоры болып қызмет атқарған.