Хабар телеарнасы

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өтетін дәстүрлі шара бейбіт күнді ұлт пен ұлыстың татулығын дәріптеуді көздейді.

Биыл да мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал еткен БАҚ өкілдері назардан тыс қалмады. Конкурсқа 100-ден аса журналист қатысты. Үздіктер қатарында әріптесіміз Ардақ Айбарұлы бар.

«Хабар 24» арнасының Алматы облысындағы тілшісі «Қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік материал» аталымында бас жүлдені жеңіп алды.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл мемлекетте ұлттардың арасындағы қарым-қатынас, халықтың бірлігі мәселесі ерекше маңызды. Барлық автор Қазақстандағы ұлтаралық бірліктің, келісімнің мән-маңызын ерекше біледі. Оны нақты адамдардың тағдырлары арқылы өте әсерлі көрсеткен.