Хабар телеарнасы

Жастар арасында теріс әрекеттерге тәуелділік белең алып барады

Қазіргі таңда елімізде шамамен 18 мыңнан астам адам есірткі қолданады. Олардың 1,5 мыңы әйел. Алайда мамандар нашақорлардың саны бұл көрсеткіштен екі есе көп болуы мүмкін дейді. Құзырлы орган өкілдері өткен жылы 70, биыл 35 зертхананың жолын кессе де, түрлі жасырын орындар арқылы сататындар бар. Сондықтан психологтар ата-ананың балаға орта таңдауына көмектесуінің және теріс әрекеттер жайлы ақпарат беруінің маңызы зор екенін айтады. Өйткені есірткіден бөлек ойынқұмар азаматтардың да саны артқан.

Нұрдаулет Затилла, Жастар ғылыми орталығының сарапшысы:
-Былтыр 1,2% жастар ойынға тәуелді болған. Биыл көрсеткіш 3% дейін артып екі еселенеіп отыр. Әлеуметтік зерттеу бойынша 29 дан 35 жас аралығындағы жастардың үлкен тобы осы риск тобына кіріп отыр.