Хабар телеарнасы

Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейге барды

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейге барды. Қазақстандық депутаттар делегациясы Мәскеуде Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Қос тарап өңіраралық және экономикалық байланыстың келешегін сөз етті. Тауар айналымының шамамен 70% өңіраралық және шекаралық саудаға тиесілі. Мемлекет басшысы елімізде техникалық мамандықтар бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырған еді. Бұл бағытта Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен байланысты күшейту жоспары бар. Мәжіліс төрағасының Ресейге ресми сапары Қазан қаласында жалғасады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
-Елдеріміз арасында өзіңіз атап өткендей сенімді саяси диалог жолға қойылған. Тығыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнап, берік шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Осы жылдар ішінде 600-ден астам құжатқа қол қойылды. Жыл өткен сайын бұл қарым-қатынастар тек нығайып келеді. Көшбасшыларымыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин оларды дамудың жаңа деңгейіне көтерді.