Хабар телеарнасы

Смайылов: Азаматтардың денсаулығы – Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтардың бірі

Азаматтардың денсаулығы – Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясында сөз сөйлеген Үкімет басшысы осылай деді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазірдің өзінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру көрсеткіші 56% жеткен. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 655 алғашқы көмек нысаны іске қосылады. Шалғай мекендердегі 32 аурухана жаңғыртылады. Сондай-ақ келер жылы протонды терапия жүргізе алатын жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашылады. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Біз аурулардың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыс жүргізіп келеміз. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына септігін тигізетін идеяларды ұсынуға дайынбыз. Өз кезегінде Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға әрдайым ашық.